Құс еті мен жұмыртқа қымбаттайды

99

Құс еті мен жұмыртқаның бағасы қымбаттайды. Бағаны тұрақтандыру бойынша жергілікті әкімдіктегілер 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына енгізілген 1 категориялы жұмытқаның бағасын шарықтап кетпеуіне шара көруде. Алайда нарықтағы жаңа астықтың бағасы құс шаруашылығы шығаратын өнімдерге тікелей әсер ететінін анық.

Әбілқасым Досболов, «Шымкент Құс» ЖШС құрылтайшысы: «Қазірдің өзінде бидайдың бағасы былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға қымбаттады.  Біздің өнімнің өзіндік құнының 70 пайызын жемге кеткен шығындар құрайды. Сондықтан,  өнімдеріміз қымбаттайды».