«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына 70-тен аса өтінім түсті

97

«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына өтінім беру кезеңі аяқталды. Жалпы, конкурсқа 6 сала бойынша 70-тен аса өтінім түскен.

Олар – медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренді және гастрономия. Басым бөлігі IT-жоба мен креативті сәулет салаларының үлесінде дейді мамандар.

Әр жобада мегаполисті креативті қалаға айналдыру мақсаты көзделген. Айта кетейік, конкурсқа өтінім қабылдау 9-24 қыркүйек аралығын қабылданды.

Мөлдір Ибадуллаева