Шымкент қаласы ұзақ уақыт «қызыл» белдеуден «сары» аймаққа көшті. Қалада соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастаған.
Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде өткен тәулікте 3 081 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның 102-і Шымкентте, 52-і Түркістан облысында тіркелген.
Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 4 763-ке жетіп отыр. Оның 64-і Шымкенттіктер тұрғындар. Ал, Түркістан облысынан 29 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 17 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 72 789 адам ем қабылдап жатыр.
Оның ішінде 13 610 пациент стационарға жатқызылған. Ал,59 179-ы амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 1 064 адамның жағдайы ауыр, ал 317 пациенттің халі өте ауыр. 192 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.
Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 7 228 047 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 6 059 729 адам салдырды. Ал Шымкентте 475 107 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 396 417 тұрғыны алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 824 620, II компонентін 642 284 адам салдырған.
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бақылау матрицасы бойынша Шымкент сары аймаққа енді. Сала жауаптыларының айтуынша, төсек-орын толымдығы 36%-ды құрайды. Бүгінде мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 643 орын болса, 874-і бос.
Мөлдір Ибадуллаева