Әл-Фараби ауданында 9 балалар алаңшасы пайдалануға тапсырылды

66

Әл Фараби ауданында 9 балалар алаңшасы пайдалануға тапсырылды. Мердігерлердің жұмысымен аудан әкімі Рашид Мыңбаев пен қалалық мәслихат депутаты Әйгерім Жұмақұлова танысты.

«Отырар» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің тоғыз ауласында балалар алаңшасы пайда болды. Олардың құрылысына бюджеттен 145 млн. теңге бөлінген. Аға буын өкілдері мұндай жаңалыққа дән риза.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Әл Фараби ауданындағы 27 көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда құрылысы аяқталған 9 аулада балалар алаңшасы пайдалануға тапсырылуда.
«Әрбір аулада екі демалатын орын, жайлы орындықтар мен қоқыс жәшіктері қарастырылған. Жаттығуға арналған құрылғылар. Өздеріңіз байқағандай тұрғындар ризашылықтарын білдіруде»,-дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев.

Балалар алаңшасы үшін тұрғындар қалалық мәслихат пен әкімдікке алғысын білдірді. Айтуларынша осыған дейін бұл жер күл қоқысқа толы адам көргісіз деңгейде болған. Байқағандарыңыздай, мердігерлер міндетін өз деңгейінде орындап, бұл жерді адам сүйсінетін алаңшаға айналдырған.

Жаңа балалар алаңшаларындағы құрылғы, элементтердің кепілдік мерзімі 2 жыл. Егерде осы уақытта олар істен шықса, бұзылса, мердігерлер өз есебінен ретке келтіреді.

Шынар Оразова