Алаяқтық жолмен автокөлікті иемденіп кеткен азамат анықталды

138

2021 жылдың 6-қазанында Еңбекші АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, өзінің «TOYOTA CAMRY» маркалы автокөлігін, танысы бейтаныс азаматқа сенім хат жаздырып, алып кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары өз мүліктеріңізге сақ болуға шақырады.