Алтынның құны біршама өсті. Бағалы металдың унциясы 1760 долларға теңесті. Былтыр пандемия басталған уақытта алтын 2 мың долларға дейін қымбаттаған еді. Бірақ жыл басынан бері металл бағасы 10 процентке төмендеді.
Ал Қазақстанның алтын валюталық қоры өткен айларда 1 млрд, 8 миллион долларға артып, 36 млрд. доллардан асты. Елдегі банктерде алтынның грамы шамамен 24 500 теңгеден сатылады. Ал сатып алу құны 23 500 теңге.
Тұрғындар жалпы салмағы 113 келіден асатын 2460 бағалы металл құймасын сатып алған.
Шынар Оразова