Азық-түлік тағы қымбаттады

63

Инфляцияның өсуіне әсер еткен азық-түлік бағасы тағы қымбаттады. Әсіресе сәбіз, жұмыртқа мен қанттың қымбаттағаны байқалады.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша жұмыртқа құны үш өңірде жеті жарым пайызға дейін өскен. Ал Алматыда сәбіз, Қарағанды облысында қант бес пайыздай қымбаттады.

Сондықтан, әкімдіктерге бағаны бақылау бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Әрі әлеуметтік азық-түліктің үш айға жететін қорын жинауы қажет. Ал бағаны шекті мөлшерден өсіргендерге ескерту жолданып, айыппұл салынып жатыр.

Шынар Оразова