Бадам өзенінің бойын абаттандыру жұмыстарының екінші кезеңі жүруде

91

Мұнай зауытынан Забадам шағынауданына дейінгі аумақта қазір құрылыс жұмыстарының 2-ші кезеңі жүргізілуде. Алғашқы кезеңде 3 шақырым аумақ жөнделіп, пайдалануға берілген еді.

Ал қазір 2014 жылы бастау алған екінші кезеңдегі жобаға сәйкес 6,7 шақырым жер абаттандырылуда. Сондай-ақ, бүгінге дейін 4,5 шақырым өзен жағалауы бетондалып, 311 жарықшам орнатылған.

12 мың шаршы метрге асфальт жабындысы төселген, жаяу жүргіншілер көпірі мен 2 бөгет салынып, 24 мың шаршы метр аумақ абаттандырылған.

Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Мөлдір Ибадуллаева