Есеп комитеті Токио Олимпиадасына бөлінген бюджет қаражатына аудит жүргізіп жатыр. Президент тапсырмасымен Олимпиада ойындарына дайындық үшін берілген ақшаның қаншалықты тиімді жұмсалғаны анықталмақ.
Мемлекеттік бюджеттен Ұлттық олимпиада комитетіне 15 млрд. 6 млн. теңге бөлінгенін еске салайық. Токио-2020-ға Қазақстаннан 93 спортшы барып, 8 қола медаль алған еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманың бұл нәтижесі Қазақстанның спорттағы әлеуеті мен мемлекеттің бөлген қомақты қаражатына сай келмейтінін мәлімдеген болатын.
Шынар Оразова