Кейбір әуе рейстері тоқтап қалуы мүмкін

68

Нұр-Сұлтан әуежайында кейбір әуе рейстері тоқтап қалуы мүмкін.

Әуежайларда жанармай тапшы

Себебі, жанармайдың уақытылы және қажетті көлемде жетпеуінен әуе компаниясы қиындықтарға тап болған.

Жанармай тапшылығын тартқан әуе компаниясы биылға жетуі тиіс 14 мың тонна жанармай келмегенін алға тартып отыр. Сондай-ақ, сұйық отын жеткізетін ірі тасымалдаушылар да жоқтың қасы.Ал Энергетика министрлігі тапшылықты шешу үшін авиокомпанияға қосымша 2 мың тонна жанармай жеткізуді жоспарлауда.

Авиакеросин жеткізетін ірі тасымалдаушылардан 700 тонна қосымша сұйық отын алынады. Сондай-ақ, министрлік авиакомпанияға керосин жеткізу үшін ірі тасымалдаушылардан бөлек коммерциялық ұсақ кәсіпкерлермен де келісімшартқа отыруды ұсынып отыр.

Шынар Оразова