Úı Jańalyqtar Көркем гимнастикадан шымкенттік спортшылар жүлдегер атанды

Көркем гимнастикадан шымкенттік спортшылар жүлдегер атанды

Шымкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан ҚР Кубогының жеңімпаздары белгілі болды. Спорт шебері мен спорт шеберлігіне үміткерлер арасындағы сайыста шымкенттіктер 1 алтын және 2 күміс жүлде иегері атанды.

Жекелей көпсайыста Милана Парфилова 1-ші орынды иеленсе, топтық көпсайыс бойынша қалалық құрама 2-ші орынға табан тіреді. Айта кетейік, топтық құрамда Ариадна Скворцова, Ұлжан Шалмұханбетова, Зере Әбдісадық, Еңлік Ержанқызы, Айсана Ұлықпанова және Виктория Борисова сынды спортшыларымыз бар.

Гүлдана Дәурен