Мемлекеттік қызметтің 90 пайызы электрондық форматта көрсетіледі

148

Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәжілістегі Үкімет сағатында мәлімдеді. Бүгінде халыққа қызмет көрсету сапасы қандай деңгейде? Оның қолжетімділігн арттыру мақсатында нендей жұмыс атқарылып жатыр?

Қазіргі таңда 5 млн-нан аса қазақстандық азамат цифрлық құжат пайдаланады. Осылай деген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, елімізде қағаз түріндегі құжат айналымын азайту үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты. Сондай-ақ, ол «eGov mobile» мобильді қосымшасында цифрлық құжаттардың 18 түрі іске асырылғанын жеткізді.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
«Сервис азаматтарға құжатты мобильдік қосымша арқылы электрондық форматта қарау, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеру мүмкіндігін береді. Сервисті тиісті ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру арқылы құжаттарды цифрлық тексеру мүмкіндігі іске асырылды. Қазіргі таңда цирфлық құжаттармен әуежайларда, теміржол вокзалдарында, нотариустерде, банктерде, ХҚКО-да, поштада қызмет алуға болады».

Министр ХҚКО-да пилоттық жоба ретінді жұмыс істеп тұрған цифрлық қызмет түрін таныстырды. Айтуынша, аталмыш қызметті пайдаланушы азаматтар ХҚКО-ға бармай-ақ, биометрия бойынша сәйкестендіруден өтіп, бейнеқоңырау бойынша қызмет алуына мүмкіндік бар. Жай кеңес алу ғана емес, мемлекеттік қызметті де нақтылай алады екен. Сондай-ақ, министр sms-пен хабар беру қызметі де кеңейтіліп жатқанын алға тартты. Яғни, енді пәтер иелеріне мекенжайға жаңа тұрғын тіркелгенде, хабарлама келеді. Мұның тиімділігі жоғары дейді шенеунік.

Айта кетейік, қазірде қазақстандықтарға 690 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жақында олардың саны 1788-ге көбейді деді жауаптылар.

Мөлдір Ибадуллаева