Қазақстан Қытайға жүк тасымалын 13 пайызға азайтты

169

Қазақстан биыл Қытайға жүк тасымалын 13%-ке азайтты. Қазақстан темір жолының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қыркүйекке дейін Қытайға 9,2 млн тонна жүк жеткізілгенін айтты.

Әсіресе, «Достық» станциясында тауар тасымалы 30 пайызға  төмендеген. Ал Қытайдан келетін тауар керісінше 20%-ке артып отыр. Биыл 6,6 млн тонна жүк жеткізілген.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, Қытай тарапы пандемия кезінде эпидемиологиялық жағдайға аса мұқият қарайды. Егер бір-екі қызметкері вирус жұқтырса, тұтас станция жұмысы тоқтайтынын жеткізді.

Шынар Оразова