Шетел азаматтарына айыппұл салынды

54

Кентауда еліміздің көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 84 Өзбекстан азаматы анықталды. Бұл жағдай «Заңсыз келуші-2021» іс-шара барысында анықталған.

Қазіргі таңда оларға «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша айыппұл салынды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері аталған шетел азаматтарына осы мәселеге қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, бұл профилактикалық іс-шара көші-қон саласындағы заңсыздықтардың алдын алу мақсатында жасалуда.

Диана Біржанова