Елімізден шетелдерге аударылатын қаржы көлемі күрт өскен. Ranking агенттігінің хабарлауынша сегіз айда елден 644 миллиард теңге шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық.
Ақшаның көбі Өзбекстанға кеткен- 191 миллиард. Одан кейін Түркия – 127, Ресей – 122, ал Қырғызстанға 99 миллиард теңге жіберілген. Ал елімізге аударылған қаржы 186 миллиард теңге. Оның көлемі небары 4,5 пайызға өсіп отыр. Қаржының көбі Ресей, Өзбекстан, Оңтүстік Кореядан келген.
Шынар Оразова