Шымкент: 21-22 қазан күндері суық күтілуде

66

Ресейдің Мурманск қаласынан келген жаңбыр мен қар аралас циклон салдарынан республиканың біраз аумағында нөсер жауын жауып, жел күшейеді.

Тек еліміздің шығысында ғана жауын-шашынсыз жылы өтеді. Сондай-ақ, басқа аймақтарда көктайғақ болуы да ықтимал. Оған ауа температурасының төмендеуі де себеп.

Антициклон Шымкент қаласына да әсер етеді. 21-22 қазанда еліміздің үшінші мегаполисінде аздап жаңбыр жауады, ал термометр +14-тен +9 градусқа дейін төмендейді. Демалыс күндері ауа райы күндіз +14 дейін жылы болады.

Гүлдана Дәурен