Шымкентте қаламыздың басты спорттық жарысына айналған «Shymkent Marathon 2021» спорттық іс-шара өтті. Бесінші рет ұйымдастырылған жүгіру марафонына қала тұрғындарымен қоса еліміздің түкпір-түкпір спортшылар мен әуесқойлар қатысты.
Ал жарыс жеңімпаздарына 100, 70, 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды.
Рахымжан Бейсенұлы, «Shymkent Marathon 2021» жеңімпазы: «Шымкент жарысын жыл сайын жібермейміз, осымен 3-ші рет қатысып тұрмын және 3-ші рет жеңіп алып тұрмын осы Шымкент марафонын 10 шақырымда, алдыңғы жылы 5 шақырымда жеңіп алған болатынмын. Қазіргі таңда «Алау Про» велокомандасымен қатыстық. Жарыстың атфосферасы өте керемет».
Әлихан Файзханов