«Тазалық — өзімізден басталады». Осы атаумен басталған сенбілікке Шымкент тұрғындарына тәулік бойы үздіксіз қызмет ететін мекемелер атсалысты.
700-ге жуық коммуналдық қызметкерлер өздеріне қарасты барлық нысан аумағын тазалады. Сенбілік барысында саябақтардағы плафондар жуылып, мекемеге қарасты нысандардың қоршаулары ақталды.
Сондай-ақ, жарықтандыру бағаналарындағы бей-берекет ілінген электр сымдардан тазартылып, көше бойында орнатылған электр трансформаторларын сырлау жұмыстары жүргізілді.
Мөлдір Ибадуллаева