Коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдыққан шымкенттіктерді емдеген «Атамекен» орталығының мамандары оңалту емін қайта жалғастырмақ.
Биыл қараша айынан бастап ол жерде түрлі жарақат алған және дерті асқынған науқастарға реабилитациялық көмек көрсетіледі. Нақтырақ айтқанда, «Атамекен» реабилитация орталығында инсульт, травматологиялық оталардан кейінгі, COVID-19 пневмониядан кейінгі ерте реабилитация тәулік бойы стационарлы деңгейде тегін жүргізіледі.
Орталықта физио ем, иглотерапия, массаждың түрлері, логопедиялық массаж және емдік денешынықтыру арнайы инструктор маманының бақылауымен жүргізіледі.
Сондай-ақ, реабилитолог, невропатолог, травматолог, пульмонолог, психолог, логопед және т.б. жеке бейінді мамандырдың кеңесін тегін алуға болады.
Мөлдір Ибадуллаева