Тегін дәрілерде қайдан және қалай алуға болады?

164

Дәрі – дәрмекке енді тегін қол жеткізе аласыз. Созылмалы ауруы бар адамдардың, бұдан бұлай, арнайы тізім арқылы тегін дәрілер алуға мүмкіндігі бар. Емхана қызметкерлері, бұл дәрі -дәрмекпен қамтамасыз ету, еш кедергісіз жүзеге асады, дейді.

Зейнеткер Ләйлә Оңалбаева тегін дәрі-дәрмек беріліп жатқандығына қуанышты. Клиникада орналасқан дәріхананың арқасында, зейнетақысын үнемдеуге үлкен мүмкіндік туғандығын айтады. Ол диспансерлік есепте тұрғандықтан, дәріні бірден тегін ала бастаған.

Ләйлә Оңалбаева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен демікпе, қан қысымы және жүрекке қатысты аурулармен диспансерлік есепте тұрмын. Емхана қызметкерлері мені тіркеу журналына енгізгенде, керекті дәрі -дәрмекті тегін алуға болатындығын айтты. Дәрілер келген сайын олар маған қоңырау шалып тұрады, уақытылы келіп алып кетемін».

Медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемі бойынша тегін дәрі-дәрмек қазақстандықтарға, қандастарға, сондай-ақ, елімізде тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. Шымкент қаласының № 6 емханасында он бес жарым мыңға жуық адам ай сайын тегін дәрі алады. Олар әртүрлі ауруы бар науқастарға беріледі.

 

Гүлсім Адырбекова, № 6 емхананың амбулаториялық дәрі -дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісі: «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында науқастарға 52 нозология бойынша дәрі-дәрмек беріледі, оның ішінде қан айналымы мен тыныс алу жүйесіне сонымен қатар, эндокриндік жүйеге қатысты аурулар, және де қант диабеті , пузырчатка, псориаз, глоукома, эндометриоз сияқты аурулар жатады».

«Емхана қызметкерлері, алдағы уақытта дәрі -дәрмектің үзілуі болмайды, дейді . Дәрімен қамтамасыз ету ай сайын «СК- Фармациядан» келген, тіркеуде тұрған емделушіге тиісті әрбір дәрі емхана қадағалауында болатын көрінеді.

Гүлсім Адырбекова, № 6 емхананың амбулаториялық дәрі -дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісі: «Қазан және қараша айларынан, жылдың аяғына дейін барлық науқастарды 3 айға диспансерлік есепке аламыз, яғни, қаңтардың ортасына дейін. Науқастар дәрісіз қалмауы үшін 15 қаңтардан бастап «СК-Фармациядан» жеткізіп жатырмыз. Бұрын, бізде мұндай жағдайда мәселелер орын алған болатын, ал қазір «SK-фармацияда»н дәрілер еш кедергісіз келуде».

Егер тағайындалған дәрі-дәрмек уақытылы келмесе, «СК-Фармация» ЖШС-нің сенім телефонына, 1439 байланыс номері арқылы хабарласуға болады. Барлық қоңыраулар, ұялы телефондар мен қала нөмірлеріне тегін жүргізіледі.

Аида Қарсыбайқызы