Түркістан облысының полицейлері қаруды заңсыз сақтау, оқ дәрілерді тәркілеу мен қаруы бар күзет фирмаларының қаруды сақтау тәртібі бойынша жедел-профилактикалық іс шара жүргізді.

«Қару» шарасы барысында полицейлер қарулары тіркелген 309 азаматты тексеріп, оларға қаруды қайта тіркеуден өткізу мерзімі турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, шара кезінде 15 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ал бір тұрғын газды тапаншасын өз еркімен полиция қызметкерлеріне тапсырды. Полицейлер азаматтарға тіркелмеген қаруды полицияға тапсыруға шақырды.

Диана Біржанова