Жалдамалы тұрғын үйге өтініш қабылдау қарашада басталады

66

Қараша айында жалдамалы тұрғын үй алуға өтініш қабылдау басталады. Бағдарлама жұмыс істейтін жастарға арналған. Пәтер сатып алу құқығынсыз 29 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі.

Тұрғын үйді жалдау ақысы 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейін. Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, баспана жастарға тек 5 жылға беріледі.

Бағдарламаға 2 жылдан бері тұрақты мекенжайда тұратын, соңғы алты айда жалақысы 116 680 теңгеден кем болмайтын, баспанасы жоқ жастар қатыса алады. Қажетті құжаттар тізімі тұрғын үй қорының ресми сайтында жарияланды.

Шынар Оразова