Шымкентте жыл басынан бері 35 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады.
Оның айтуынша, осы сәтке дейін 32 307 коронавирус инфекциясының ошағы анықталған. Соның ішінде індет 1551 ұйымдастырылған ұжымдарда тіркеліп отырған көрінеді.
Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары: «Шымкентт жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 34 416 науқас анықталды. Емделіп шыққандардың саны 32 682. Қазіргі таңда 1294 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 798 науқас үй жағдайында ем қабылдауда. Стационарда 496 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған 126 жағдай тіркелді».
Шыңғыс Мұқан жыл басынан бері 1110 адам қайтыс болғанын да атап өтті. Сондай-ақ, қалада эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 25 тамыздан бастап 1780 төсек-орын жабылыпты.
Әлихан Файзханов