1-ші қарашада зейнеткерлердің саны 2 млн. 230 мың адамды құраған

53

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 682,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 543,2 миллиард теңге бағытталды. Ал қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,1 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 67,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 153,2 миллиард теңге бөлінді.

1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 230 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қоса алғанда) – 99 804 теңге», – делінген хабарламада.

Шынар Оразова