22 коллекторлық ұйым жұмысын тоқтатты

101

Елде коллекторларға қатысты борышкерлерден 690-нан аса шағым түскен. Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов оларға 12 млн. теңге айыппұл салынғанын айтты.

Қазір елде 200-ге жуық коллекторлық ұйым бар. Олар ақшаны өндіріп алу үшін тұрғындардың бей-берекет мазасын алып, қарыз бойынша құқықтың үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы хабарлама талабын сақтамаған.

Тексерістен кейін 28 коллектрлық ұйым тізімнен шығарылды. Ал тағы 22 ұйым өз еркімен қызметін тоқтатқан.

Шынар Оразова