Алкоголь өнімдерін лицензиясы бар тұлғалар сата алады. Аталған құжат иесі алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізуге құқылы.
Әл Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы талап орындалмаған жағдайда 15 АЕК-тен 150 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын жеткізеді.
Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «ҚР Алкогольдік өнімнің айналымы мен мемлекеттік реттеу туралы» заңына сәйкес, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізуге лицензиясы бар тұлғалар ғана алкоголь өнімдерін сатуға құқылы екендігін хабарлайды. Сонымен бірге, сала мамандары сауда орындарында болып, алкоголь өнімдерін сатуда қандай талаптар орындалуы қажет екендігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Фарида Сапарбаева, жеке кәсіпкер: «Бізде лицензия, барлық құжаттарымыз бар».
Ел аумағында алкоголь өнімнің айналымы барысында келесі талаптар сақталуы қажет. Алкоголь өнімдерін ақтау және өткізу барысында, тиісті лицензиясы, бекітілген үлгідегі ілеспе жүкқұжаттары, есептік бақылау таңбаларын тексеруден өткізу үшін Уипон Про мобильді қосымшасы болуы тиіс. Сонымен қатар, лицензиялық төлемақының әр тоқсанның соңғы айының 25-не дейін төленуі, сауда саттық жасалған кезде міндетті түрде бақылау машинасының қолданылуы шарт.
Талғат Саттаров, Әл Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: «Осы талаптар орындалмаса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463 бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау заттары, яғни алкоголь өнімдері тәркілене отырып 41 670 теңгеден 15 АЕК бастап, 150 АЕК, яғни 416 мың 700 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған».
Алкоголь өнімдерін сақтау және өткізу бойынша сұрақтар туындаса, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына 53-01-83 байланыс телефоны арқылы хабарласыңыз.
Шынар Оразова