Úı ANONS Алматы мен Шымкент қаласы «жасыл» аймаққа өтті

Алматы мен Шымкент қаласы «жасыл» аймаққа өтті

фото Айньюс

14 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, кеше Алматы мен Шымкент қаласы «сары» аймақта тұрған болатын.