Ақылы жолдардан қазынаға 6 млрд. теңгеге жуық қаржы түскен

48

Ағымдағы жылы көлік жүргізушілері ақылы жолдар үшін 6 млрд. теңгеге жуық ақша төлеген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қаржының көбі Нұр-Сұлтан-Теміртау және Нұр-Сұлтан-Щучинск жолы арқылы түскен.

Ал Алматы-Қорғас жолымен жүрген жолаушылар қарашаға дейін 1 млрд. теңгеден аса ақша төлеген. Елде тағы 7 жол ақылы режимге көшкенін еске салайық.

Олардың кейбірі қазаннан бастап төлем қабылдайды. Мамандар тариф мөлшері 2013 жылдан бері өзгермегенін айтады.

Шынар Оразова