Дизель отынының биржалық сауда -саттығы басталды

125

Елде дизель отынының биржалық сауда-саттығы басталды. Мұнай өнімдерін көтерме саудада сату туралы шешім Биржалық комитет отырысында қабылданған.

«Еуразиялық сауда жүйесі» арқылы өткен сауда-саттықта 7735 тонна өнім 1,7 млрд. теңгеге сатылған. Дизель отынының орташа бағасы тоннасына 224 мың теңгеден асады. Еуразиялық сауда жүйесінен бөлек оны «Каспий» тауар биржасы да ұйымдастырып жатыр.

Мұндай сауда-саттық тауарды тікелей өндірушіден делдалсыз сатып алуға мүмкіндік береді. Монополияға қарсы талаптың сақталуын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанынан құрылған арнайы орталық бақылайды.

Шынар Оразова