Еріктілер шала туылған балаларға тарту жасады

356

Еріктілер тоқылған киімдер мен нәрестелер жататын арнайы жабдықтарды облыстық №2 перзентхананың шала туылған балалар бөліміне тапсырды.

Осылайша Шымкентте шала туылған сәби күнін атап өту туралы шешім қабылданыпты. Перзентханадағы 32 нәрестенің кейбіреулерінің салмағы тым аз болғандықтан олар жансақтау бөлімінде жетілуде.

Кішкентай Нұрғисаның туылғанына екі апта болған. Отыз үшінші  аптада дүниеге келген нәресте, бірден неонатология бөлімшесіне  жатқызылған—онда шала туған нәрестелермен бірге ем алуда. Бүгін сәбиге ең жылы көрпе, жатын жәй, бас киім және шұлық сыйға тартылды.
Нұргүл Төренова, нәрестенің анасы: «Мен мерзімімнен бұрын босандым. Баламды дәрігерлер аман сақтап қалды. Қазір біз салмақ алып, жетіліп,  үйге тез қайту үшін әрекет жасаудамыз».

«Нити добра» клубының еріктілері шала туған сәбилерді мерекелерімен құттықтады. Олар салмағы 500 граммға дейін туылған нәрестелер үшін перзентханаға тоқылған заттар әкелді. Медициналық көмектен бөлек, кювезде жатқан шала туылған нәрестелерге жүннен жасалған заттар да қажет. Тоқылған шұлықтар, бас киімдер мен жемпірлер балақайлардың аман қалуына көмектеседі.

Ирина Блинова, «Нити добра» клубының еріктісі: «Біз осы жолы шала туған балаларға арналған жылы жатын жабдығын тігу жобасын қолға алдық. Біздің өтінішімізді көптеген адамдар қолдады. Қыздар шала туған балаларға қандай қажетті заттар тоқуды біледі. Жүннің қылтығы шала туған балалардың үнемі қозғалыста болуын қамтиды. Нәтижесінде олар салмақ алып, тез жетіледі».

№2 перзентханада 32 шала туылған баланың алтауы балалар жан сақтау бөлімінде арнайы қадағалауда. Қалғандары анасымен бірге жатыр.

Гүлнара Сәпиева, №2 перзентхананың бөлім меңгерушісі: «Шала туылған нәрестелердің арасындағы ең кішкентайының салмағы 570 грамм. Жылдан жылға шала туылған нәрестелер саны өсуде. Өткен жылы туған сәбилердің жалпы санынан 16% шала туылса, биыл 10 айда бұл көрсеткіш 14,5% пайызды құрады».

Айта кетейік, бұл еріктілер жарты жыл ішінде 270 шала туылған баланы арнайы жылы киімдермен қамтыған.

Шынар Оразова