М. Әйтенов: «Әр мектептің өзіндік ерекшелігі болуы тиіс»

156

Үшінші мегаполис мектептері заманауи үлгіде салынады. Қала әкімінің тапсырмасына сай Шымкенттегі барлық оқу орнының өзіндік дизайны болуы шарт. Осылай деген құрылыс басқармасының басшысы білім ордасын салу барысында бұл критерийді басты назарға алып отырмыз дейді.

Бұл 300 оқушыға арналған №46 мектеп ғимараты. Тозығы жеткен білім ордасына жапсарлас салынған мекемеде оқушылар алдағы қыркүйек айынан бастап дәріс алуына мүмкіндік туады. Бүгінде шілде айында басталған нысанның сыртқы жұмыстары аяқталуға жақын. Жұмыс күші жеткілікті деген «Корпарация АҚ ордасы» ЖШС-і жыл соңына дейін мектептің шатырын жабамыз дейді.

Нұрмахан Исмаилов, «Корпарация АҚ ордасы» ЖШС-нің бас маманы: «Жұмысшымыз жеткілікті. 42 адам бар. Техникаларымыз да жеткілікті. 2 кранымыз бар. Жүк артқышымыз жұмыс істеп жатыр. Белгіленген мерзімнен қалып жатқан жоқпыз».

Мектеп құрылысы үшін бюджеттен 950 млн. теңге бөлінген. Бүгінде оның 40 пайызы игеріліпті. Жалпы ағымдағы жылы үшінші мегаполисте 11 мектептің құрылысы басталған еді. Оның төртеуі пайданалануға берілген, ал қалғаны келесі жылға өтпелі.

Әбілсейіт Рабаев, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы: «Біз қазір барлық мектептерге өз тарапымыздан заманауи талаптарды, оның ішінде жобалық сметалық құжаттарды дайындау деңгейінде жабдықталуына талаптарды қоюдамыз. Оның ішінде қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тікелей тапсырмасы бар. Заманауи жабдықтарды қою бойынша. Және дизайнерлік қандай да бір шешімдер табылуы жөнінде».

Сондай-ақ, Шымкентте, жастар уақытын тиімді өткізу үшін заманауи «Оқушылар сарайы» бой көтереді. Өнерпаздарды дамытуға арналған бұл ғимарат 2023 жылдың бірінші жартысында қолданысқа беріледі деп күтілуде.

                                                                                               Мөлдір Ибадуллаева