Білім ошақтарының құрылысы бақыланды

34

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов білім ошақтарының құрылыс барысын бақылады. Соның бірі М.Х.Дулати атындағы № 8 мамандандырылған мектеп-гимназиясы.

Қазір білім ұясына қосымша корпус салынып жатыр. Жаңа ғимарат мыңнан аса оқушыға арналған. Жобаға сай мұнда 250 орындық АКТ залы, спортзал, кітапхана және 320 орындық асхана қарастырылған.

Ал № 45 мектеп-гимназиясында 300 орындық қосымша ғимарат құрылысы жүріп жатыр. Онда оқу сыныбынан бөлек гимнастика, денешынықтыру залдары болады