Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе рейстері жанданады

88

Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе рейстері жанданады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан мен Үндістан арасында тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат берді.

«15 қарашадан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады