Қарашадан бастап Қазақстанда 7 автожол ақылы болды. «ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, бұл Нұр-Сұлтан-Павлодар, Шымкенттен Ташкентке,Таразға, Қызылордаға дейінгі жол, Щучинск – Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, Тараз – Кайнар жолы.
Мамандардың сөзінше, осы бағыттағы жолдар қажетті жабдықтармен қамтылған. Ақылы режимге қарашадан бастап көшкенімен, сынақ ретінде кейбірі қазаннан бері жұмыс істейді. Жолдарға шлагбаум қойылмайды. Тек ақылы жолға өткен көліктерді арнайы камералар анықтайды.
Шынар Оразова