Қазақстанда 9 айда 63 мыңнан астам көлік шығарылды

47

Қазақстанда 9 айда 63 мыңнан астам көлік шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5% жоғары, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Аталған кезеңде 55 016  жеңіл автокөлік шығарылған,6 971 жүк техникасы, 872 автобус, 489 тіркеме және жартылай тіркеме, 211 мамандандырылған техника өндірілді. Шығарылған автокөліктердің жартысына астамы «Сарыарқаавтопром» кәсіпорнына тиесілі.

Қостанай зауытында 38 309 жеңіл, жүк автомобильдері мен автобустар өндірілді. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы 19585 автокөлік, Семейдегі СемАЗ 3 155 коммерциялық техника, Көкшетаудағы «КАМАЗ Инжиниринг» 1 115 жүк көлігін, Hyundai Trans Auto 586 коммерциялық автокөлік, Daewoo Bus Kazakhstan 207 техника, Саран қаласындағы QazTehna жаңа зауыты Yutong 143 автобус шығарды.

2021 жылдың 9 айында дайын автомобильдерді жеткізу 43% артып, 52,4 млрд теңгеге 7 816 көлік шетелге шығарылды. Олардың негізгі бөлігі Ресейге (4 346 бірлік), Өзбекстанға (2 968 бірлік), Беларуське (398 бірлік), Қырғызстанға (102 бірлік) және Әзірбайжанға (2 бірлік) сатылған.

Шынар Оразова