Депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі бекітілгені жайлы ресми ақпарат жарияланды.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені өсіруіне байланысты теңге депозиттері бойынша 2021 жылдың қараша айындағы ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін қайта қарап, желтоқсанға ұсынылған мөлшерлемені бекітті», — делінген ресми хабарламада.
Осылайша үш және алты айға ашылған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлеме аздап көтеріліп отыр. Ал 12 айға ашылған жинақ депозиттері бойынша максималды мөлшерлеме нарықтық мөлшерлеменің өсуіне байланысты желтоқсан айында 0,1 процентті тармаққа ұлғайып, толықтыру құқығы бар депозиттер бойынша 12,7%-ті, толықтыру құқығы жоқ депозиттер бойынша 13,9%-ті құрады.