2020 жылдағы мүлік салығын төлеу мерзімі биыл қазанда аяқталған. Алайда 1 млннан аса азаматтың салыққа 3,4 млрд. теңге қарызы бар.
Кірістер комитетінің мәліметінше, елорда тұрғындарының берешегі 600 млн. теңгеден асады. Алматы мен Шымкентте де мүлікке міндетті төлем жасамай жүрген борышкерлер көп.
Қарызды өтемеген жағдайда, 15 қарашадан кейін мемлекеттік кірістер органдары ақшаны өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жүгінетінін ескертеді. Салыққа берешегіңіз бар-жоғын «e-Salyg Azamat» қосымшасы арқылы анықтауға болады.
Шынар Оразова