Úı ANONS Қарызы 8 млн. теңге: 7 жыл бойы алимент төлемегені үшін сотталды

Қарызы 8 млн. теңге: 7 жыл бойы алимент төлемегені үшін сотталды

 Шымкентте балаларына алимент төлемей жүргендердің саны азаймай тұр. Олардың ішінде жылдар бойы балаларын қамқорлықсыз қалдырғандар бар. Жақында сот оларың бірінің бас бостандығын 1 жылға шетеп тастады. Істің мән-жайы келесі бейнематериалды.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 7 жыл бойы алимент төлемей, берешегі 8 миллион теңгеден асқан 42 жастағы тұрғынның бас бостандығын 1 жылға шектеді. Ол қылмыстық кодекстің «Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару» бабымен кінәлі деп танылды.

“Серімбетов Ерғали Арыстанұлы Қылмыстық кодекстің 139-бабымен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бойынша оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын. Оған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, өтелмеген мерзiмi бас бостандығын шектеудiң бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны түсіндірілсін»
СОТ КАБИНЕТІ ЖҮЙЕСІ

Сотталушы мен жәбірленушінің ортақ екі қызы бар. Ерлі-зайыптылар 2008 жылы араларында жанжал болып, ажырасқан. Сол кезде қыздарының үлкені 10 жаста, кенжесі 9 жаста болған. Сот балалардың әкесіне табысының үштен бірін беруді міндеттеген. Дегенмен, ол түрлі себеппен алимент төлеуден жалтарған. Нәтижесінде берешегі 8 миллион теңгеден асқан. Сотталушы сот отырысында кінәсін толық мойындаған. Ал жәбірленуші соттан оны қамауды сұраған.

«Сот бұйрығы негізінде қыздарын асырап бағу үшін алимент өндірілген. Осы уақытқа дейін Ерғали Серімбетов алиментті кейде төлеп кейде төлемей жүрген. Алимент берешегі 8 миллион теңгеден асқан. Ол алимент төлеуден жалтарып, өзіне жүктелген міндеттерін орындамай қашып жүрген»
СОТ КАБИНЕТІ ЖҮЙЕСІ

Сотталушы сотта алимент төлемей жүру себебін жұмыссыз қалғанымен байланыстырған. Оған қоса мүгедектігі бар анасы және әпкесіне қарайтын адамның болмауынан деп көрсеткен. Алайда бұл сотта балаларына алимент төлемей жүре беруге негіз бола алмады.

Дилара Иса