«Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» автожолдарында қозғалыс жабылды

69

«Оңтүстік жолдары» МКК кезекші операторының хабарлауынша, 2021 жылдың 17 қарашасында 10 сағат 30 минуттан бастап «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» республикалық маңызы бар автожолдарында қозғалыс жабылды.

Метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына байланысты (нөлдік көру, боран, бұрқасын, көктайғақ) барлық автокөлік түрлері үшін 593 км-ден 654 км-ге дейін, Жамбыл облысының шекарасынан Түркістан облысының Машат ауылына дейін автокөліктердің қозғалысы жабылды.

Автокөлік иелері мен Шымкент қаласының тұрғындарын алыс сапарларға шықпауыңызды сұраймыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы