Республикалық бюджет: 40 млрд. теңге игерілмеген

62

Инфляция әлегі әлі бітер емес. Жоғарыдағылар қайтсек те инфляцины 8,5 пайызға тұрақтандырамыз деп  тырысып бағуда.

Үкіметтің отырысында бұдан басқа игерілмеген қаражат туралы да айтылды. Бюджет кірісіне тоқталсақ. Мемлекетке 8 трлн. 700 млрд, ал республикалық қазынаға 5,6 трлн. теңге түскен. Салығы бар, басқасы бар 10 айда 13 млрд. теңгеге асыра орындалыпты. Бірақ қаржыны игеруге келгенде именіп қалатын министрліктер бар.

Олар төтенше жағдайлар, цифрлық даму, денсаулық сақтау, ішкі істер, тіпті қаржы ведомствосы бар барлығы 40 млрд. теңгені игермеген. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтуынша оған шот-фактуралардың, орындалған жұмыс актілерінің уақытылы ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлем шоттарын кеш ұсыну, конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі – себеп.

Шынар Оразова