Сәкен Бибосыновты жерлестері зор құрметпен қарсы алды

89

Сербия төріндегі өткен бокстан әлем чемпионатында 51 келі салмақта жұдырықтасқан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновты әуежайдан күтіп алып, оған құрмет көрсетті.

Бірінші жекпе-жекте Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Дусматовты жеңсе, одан кейін үндістандық Дипакты, ширек финалда колумбиялық Олимпиада жүлдегері Мартинесті жеңді. Жартылай финалда тайландтық жас талант Саенгфетті жеңді. Ал финалда АҚШ мықтысын жеңіп, 51 келіде теңдессіз екенін дәлелдеді.

Талай кездесулерде ғаламат жетістіктерге жетіп келе жатқан былғары қолғап шебері бұл кездесуге жоғары дайындықпен қатар өзіндік тактикасымен барғандығын, 2024 жылы Парижде өтетін жазғы ойындарға қатысып, Токиода алған қоласын алтынға айырбастауға ниетті екенін айтты.

Мырзағали Айтжанов, бапкері: – Жалпы Сәкенге Сербия төріндегі жеребе ауырлау түсті, дегенмен Сәкен осы әлем чемпионатында бабында болды. Қазақ елінің үмітін ақтады. Жоғары деңгейде өнер көрсеткенін шет елдің жаттықтырушылары жарыса айтты.