Шымкент: «Енді жарық өшпейді» жергілікті әкімшілік мәселенің шешілгенін айтты

48

Енді үшінші мегаполисте жарық өшпейтін болады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов мәлімдеді. Бұған дейін тұрғындар тарапынан бірнеше рет электр энергиясы бойынша шағым түскен еді. Оның себебін түсіндірген әкімшілік алдағы уақытта қайталанбайды сендірді.

Шымкентте неліктен электр қуаты жиі сөнеді? Бұл салаға қала әкімнің орынбасары жауап берді. Айтуынша оған бірнеше себеп бар. Ең бастысы-электр энергиясының жетіспеушілігі дейді. Мәселен Шымкент, қазіргі таңда жөндеуден өтіп жатқан Екібастұз ГРЭС-2 станциясынан электр энергиясын алады. Ал ол өз жұмысын уақытша тоқтатып, әдеттегі 221 МВт орнына 120 МВт бере бастаған. Шардара ГЭС -дағы жағдайда сондай.

Мәулен Айманбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Барлық энергия таратушы мекемелерге, жеке тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарда электр қуаты өшірілмейді. Өшіруге қатаң тыйым салынды. Және заңды тұлғалар мен өндірістік мекемелерді біздің операторларымыз Кегок пен Ожт әкімшілікпен келісіммен керек кезде соларды өшіреміз. Бірақ қала тұрғындарында өшірілмейді».

Осы орайда шенеуніктер қазірше электр энергиясының бағасын көтеру жоспарда жоқ екенін жеткізді. Қаладағы баға тұрақты болады.

Мәулен Айманбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Қазіргі уақытта оны олай айтуға болмайды. Жаңа жылға дейін тариф көтерілмейді. Ал жаңа жылдан кейін ше?
Белгісіз. Көреміз. Өйткені біз инфляция аясында ғана көтере аламыз. Ал қалғандарына біз рұқсат бермей отырмыз. Монополия мен барлығы үшін».

Сонымен қатар, электр қуатының тапшылығының бір себебі – майнинг. Заңсыз криптовалюта компаниялары электр энергиясын тұтынуда үлкен проблемалар туғызған көрінеді. Алдағы уақытта бұл саланы жұмысын арнайы комиссия анықтайты болады.

Мөлдір Ибадуллаева