Түркістандықтар «Жомарт жүрек» байқауында үздіктер қатарынан көрінді

96

«Рухани жаңғыру» қазақстандық даму институты мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі «Жомарт жүрек» байқауы өтті.

Елдің шынайы жанашыр әрі жомарт жандары анықталған байқауда Түркістан өңірінің өкілдері 4 номинация бойынша жеңімпаз атанды.

«Жыл меценаты» номинациясын Сұлтанқұлов Мұратғали Әбдірахманұлы жеңіп алды. Ал, «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы Алишер Рүстембекке бұйырды. «Жыл тұлғасы» номинациясында Арыс қаласының жеке кәсіпкері Сәрсенбеков Жақсыбек Абдетұлы топ жарды.

Сондай-ақ, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша Түркістан облысы, Созақ ауданындағы «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» ЖШС жеңімпаз болды.

Айта кетейік, аталған компания бүгінге дейін Созақ ауданында және Түркістан облысында жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді.

Гүлдана Дәурен