№1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жөндеу жұмыстары жүргізілді

79

“Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты ретінде, қаламыздағы №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебініі жөндеу жұмыстарымен таныстым

“Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты ретінде, әріптестеріммен бірге “Nur Otan” партиясының «Өзгерістер жолы:

Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мекемеде жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып, жас спортшылар және олардың бапкерлерімен кездесіп қайттық. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді (оның 7-уі олимпиадалық түрлер). Олар – каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі.
Биыл мектептің спортшылары ірі жарыстарда топ жарып, қаламыздың абыройын асқақтатқан болатын. Олар Әлем кубогінің, Азия және Қазақстан чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған. Және осы мекеменің жаттықтырушысы Д.Асадилов каратеден Токио Олимпиадасының қола жүлдесін ұтып алған болатын.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі Султанова Тореайм Жолдыбайқызы!