Депутаттар: «ЕАЭО елдері қаржы пирамидасымен бірігіп күресуі керек»

140

Парламентте Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне (ЕАЭО) ортақ қаржы пирамидаларының қара тізімін жасау ұсынылды.Өйткені

, қулығына құрық бойламайтын алаяқтар алыста отырып-ақ, айласын асырып жатыр. Депутаттардың айтуынша әсіресе, Ресей мен Украинада тіркелген қаржы фирмалары қазақстандықтарды алдайды. Яғни, қылмыс трансшекаралық және халықарылық сипатқа ие. Сол үшін одақ елдері киберқылмыс, алаяқтықтықпен және қаржы пирамидаларымен бірігіп күресуі керек дейді.

Айта кетейік, биыл қаржы пирамидасын құруға қатысты 22 қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жақында алаяқтық белгілері бар 56 компанияның тізімін жариялаған еді.

Шынар Оразова