Úı ANONS ЕАЭО-ның келесі отырысы 2026 жылы Шымкентте өтеді

ЕАЭО-ның келесі отырысы 2026 жылы Шымкентте өтеді

Фото: primeminister.kz

2026 жылдың көктемі Шымкентке ерекше мәртебе сыйлайтын сәттердің бірі болғалы тұр. Наурыздың жаймашуақ күндерінде қала төрінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Бұл – халықаралық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, өңірдің беделін арттыра түсетін маңызды оқиға.

Қазақстан келесі жылы ЕАЭО-ға төрағалық етеді. Бұл – зор жауапкершілік. Сондықтан, ел үкіметі ұйымды жаңа деңгейге көтеру үшін барлық қажетті қадамдарды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде алдағы міндеттерді айқын баяндап, серіктес елдерді 2026 жылдың 26–27 наурызы күндері Шымкентке шақырды.

Келесі жылы бес елдің премьер-министрлері Шымкентте бас қосып, өзара ынтымақтастық пен болашаққа бағытталған маңызды мәселелерді талқылайды. Бұл — тек ресми кездесу ғана емес, өңіріміздің дамуына, халықаралық қарым-қатынасымыздың нығаюына жаңа серпін бермек.

Сонымен қоса, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдер талқыланатын дәстүрлі Digital Forum да Шымкентте өтеді. Бұл форум – жаңа идеялардың, жаңа мүмкіндіктердің, жаңа бастауы, ел дамуының, өңір ынтымақтастығының және технологиялық жаңғырудың тағы бір жарқын беті болмақ.

Ендеше, 2026 жылы Шымкент қаласы жаңа ой мен жаңа бастаманың тоғысқан алаңына айналады. Дәл осы шаһарда маңызды шешімдер қабылданып, болашаққа бағытталған бастамалар жасалады деген үміт мол.

Айта кететін жайт, бұл Шымкенттің өз деңгейін, өз әлеуетін дәлелдеп берген үлкен мәртебе. Шымкентті таңдау — бекер шешім емес. Соңғы жылдары жаңарып, жанданған бұл қала бүгінгі күнде халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізе алатын толыққанды орталыққа айналғанын тағы бір мәрте көрсетті.