Халықтың несиесі кешіріле ме?

180
фото айньюс.кз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрағасы мәжіліс отырысында сынның астында қалды. Зейнетақы жинағы жеткілікті шегінің неге өскенін уақытында түсіндіріп бере алмаған оны мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин сөгіп салды. Сондай-ақ, жиында халықтың несиесі тағы кешіріле ме, жоқ па деген сұраққа нүкте қойылды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрағасы Жанат Құрмановты халық алдына шығып, жеткілікті шектің неге өскенін уақытында түсіндірмегені үшін сынап тастады. Отырыста сақтандыру нарығы туралы заң жобасын талқылау кезінде депутаттар Жанат Құрмановқа бірлескен ерлі-зайыпты аннуитеті туралы сұрақ қойды. Алайда басқарма төрағасы қойылған сұраққа нақты жауап бере алмады.

«Қалай шешуге болады?». «Шешуге болады деп үшінші рет айтып отырсыз. Сіз бір айдың ішінде халық алдына шығып, сұрақтарға неге жауап бермегеніңіз енді түсінікті болды. Бір мәселеге жауап бере алмайсыз. Тікелей сұраққа сол жақтан да, оң жақтан да кіретін жол іздеп тұрсыз. Депутат тікелей сұрады ғой. Қалай басқарып жүрсіз, егер соны білмесеңіз? Екі негізгі қадам жасау керек. Соны айта алмай тұрсыз».

Сонымен қатар, депуттаттар жақында ғана банк алдында сабылып, несиесіне рақымшылық беріле ме деп үміттенген жұрттың сұрағына нүкте қойды. Халықтың несиесі тағы кешіріле ме, жоқ па деген сұраққа маман былай деп жауап берді.

Мадина Әбілқасымова, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы: «Әлеуметтік желіде «кредит кешіріледі», «несиеге рақымшылық жасалады» деген ақпарат тарады. Осыдан кейін Агенттікке 3 күн қатарынан жүздеген адам келді. Барлығы 18 мың өтініш түсті. Оның барлығын қабылдап, қаржы ұйымдарына жібердік. Рақымшылық 2019 жылы бір рет қана болған шара еді».

Мәдина Әбілқасымова міндетті автосақтандыру бойынша икемді тарифтеу тетігін енгізуге қатысты да түсінік берді. Сөзінше, 2009 жылдан бастап көлік иелері міндетті сақтандыру шартын онлайн режимде жасай алады. Қазіргі уақытта бұл шарттардың 100 пайызы электронды түрге көшкен.

Әлихан Файзханов