Жаңа жылдан бастап елде пилотты жоба іске қосылады. Егер жоба сәтті болса, онда республикадағы касса аппараттарының саны заң тұрғысында қысқартылып, тек POS-терминалдар қалады.
Қаржы министрлігі кәсіпкерлер қолданатын касса аппараттарының санын қысқарту сатып алушыларға қызмет көрсетуді жеделдетіп, бизнесмендердің қазыналық деректер операторларына артық төлем жасауын азайтады деген болжам жасауда.
Шынар Оразова