Келер жылы 24 электровоз желіге қосылады

115

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин теміржол жолдарын жаңғырту және жылжымалы құрамды жаңартылатынын жеткізді.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасында Достық – Мойынты учаскесінде ұзындығы 833 шақырым болатын екінші жолдардың құрылысы көзделеді. Оны іске асыру кезеңі – 2021-2024 жылдар.

«Сонымен қатар, бүгінгі күні локомотивтердің жүк паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл шарттар бойынша 15 тепловоз бен 12 электровоз алынды, ал 2022 жылы тағы 24 электровоз және 28 тепловоздың жеткізілуі күтілуде», – деді Премьер-Министр.

Шынар Оразова