«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

76
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті он бірінші сессияға ұсынылған мәселесі бойынша тұрақты комиссияның мәжілісі болып өтті. Күн тәртібіндегі бір мәселе талқыланды.
Ол:
– «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жиынға қала әкімдігінің мүшелері, аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Мәжіліске қатысушылар баяндама жасап, алдағы уақыттағы жоспарларымен таныстырды және соған тиісті қаржыларын бекіту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар айтып, шешім жобасын кезекті он бірінші сессияна дейін өзгертіп, бірлескен отырыста қайта қарау керектігін жеткізді.
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.